АБАЙ ОБЛЫСЫ: АУЫЛ ИМАМДАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЛЕГІ БАСТАЛДЫ

ҚМДБ, Абай облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен жылдық жоспарға сәйкес «Имамдардың білімін жетілдіру» курсы өтуде. Бұл курсқа облысымызға қарасты ауылдық мешіттердің имамдары мен діни қызметкерлері қатысуда.

Курстың бірінші күні Абай облысының бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы дін қызметкерлеріне бұл курстың мән-маңызы мен мақсатын түсіндірді.

Бір айға созылатын білім курсында “Құран”, “Тәжуид”, “Фиқһ”, “Ақида”, “Хадис ілімі”, “ҚМДБ концептуалды құжаттары” сынды бірқатар дәрістер өткізіледі.

Сондай-ақ, “Уағыз айту әдебі”, “ҚМДБ Ғұламалар кеңесінде қабылданған пәтуалар», «Ислам және дәстүр құндылықтары» сынды тақырыптарда семинарлар өткізу жоспарлануда.

Дәрістер мен семинарларды жергілікті және шетелдік белді діни оқу орындарын тәмамдаған Абай облыстық орталық мешіті имамдары мен ұстаздары жүргізеді.