Абай облысының Дін істері басқармасының ұйымдастырылуымен 1 – мамыр “Бірлік күніне” орай облысымыз бойынша діни бірлестіктері арасында спорттық сайыс өтті.
Қазақстан халқының бірлігіне орай ұйымастырылған сайыстың ашылу салтанаты Ұлттық Әнұранымызбен басталды. Абай облысы Дін істері басқармасының басшысы – Сейілбек Абиурұлы жарысқа қатысушыларды мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.
Ауқымды жарысқа қала және аудан бойынша 11 команда бақтарын сынады. Бұл жарыс Дін қызметкерлері мен мешіт жамағаттарының қатысуымен өтті. Осы сайыс арқылы қатысушылардың ойын алаңында бірігуі өзара ынтымақтастықты, сенімді арттыра түскендей.
Тартысты дода нәтижесінде топ жарып бірінші орынды – “Әбу Бәкір сыддық мешіті” құрама командасы, екінші орынды – “Тас мешіті” және үшінші орынды – “Абай ауданы” командасы иеленді. Жүлделі болған командаларға кубок пен медальдар және ауқымды сыйлықтар табысталды.


























Пікір қалдыру