Мектеп оқушыларымен кездесу.

Бородулиха мешіті жанынан құрылған Дін мәселелері бойынша ақпараттық топ мүшелерінің  Қарбай мешітінің имамы Әріпжан Қожанұлы 2017 жылғы 31 қаңтарды мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы жаһандық бәсекеге қаблеттілік» атты жолдауын басшылыққа алып  «Жат ағамның алдын алу» тақырыбына  уағызын өткізді.Жиналған жамағатқа кұнарлы әңгіме айтылып, Құран Кәрімнен Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадистері жеткізілді.

Осындай бағыттағы уағыздан кейін қазіргі таңда дәстүрлі Ханафи мазхабына жат сәләфизм бағыты туралы, бүгінгі таңда діннің іштен шыққан жауына арналған сәләфилік бағытта уағыз таратып жүрген «ұстаздары» туралы ақпарат беріліп, жат ағымнан сақ болуға шақырды. Олардың мақсаты исламның атына кір келтіріп, ел арасына іріткі салу екендігін жеткізді. Семей қаласына жақын орналасқандықтан, қаладан келушілердің қатары көп.

Дін ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң-қасіретің деген жақсы сөз бар. Құран Кәрімнің аяттарын дұрыс тәпсірлеп, имандылық, бауырмалдылық, отансүйгіштік, мейірімділік пен кішіпейілділік жолында қызмет етіп, мұсылман қауымының атын тек жақсы жағынан, ислам дінін ең көркем дін етіп көрсету үшін сөзіміз де, ісіміз де имандылық шеңберінде болса екен. Адасқанның айыбы жоқ, жолын тауып қосылса дейді қазақ. Жат ағымның жетегінде кеткен бауырларымыз өз қатарымызға қосылар, тек хикмед, дана, көркем сөздермен шақыра білсек болды деп ақыл кеңестер айтылды.

 

                                      Бородулиха мешітінің ақсақалдар алқасы мүшесі

                                      Айдар Сүлейменұлы.