Аягөз қалалық №7 орта мектебінің 8 – ші және 11 – ші класс оқушыларының ата – аналарымен қазіргі уақыттағы кездесіп жатқан «Тихий дом», «Разбуди меня – 04 : 20» атты балалар санасын улайтын ойындармен қатар «Өзіне қол жұмсау» жайында ата – аналармен жиын өтті. Кездесуге мектеп ұстаздарымен қатар аудандық жастар орталығының директоры Саят Жанатұлы және «Жаңауыл» мешітінің имамы Қуанышбек Нұрмыханұлы қатысты. Саят мырза бейнеролик көрсетіп, балалардың әлеуметтік жүйеде отыруына әрдайым бақылау жасалуына тоқталды. Қуанышбек имам пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сөздерінен: «Ата – ананың баласы алдындағы міндеттері» жайлы насихат айтты.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.