Аягөз қалалық мешітіндегі қайырымдылық жәрмеңкесі.  

 

Аягөз қалалық мешіті жанындағы «Шайхан қари» атындағы сауат ашу орталығында жастар бөлімі мен қыздар секторы бірлесе отырып ұйымдастырған қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеден түскен қаржы туғаннан мүгедек мешіт шәкірті Ерлан қызы Шырайдың шетелде жасалатын отасына азда болса, қосылған үлес болды. Сонымен қатар әлеуметтік желіде жарияланып, жер – жерлерден көмек қолын созуға көпшілікке ұсынылды. Өйткені Түркияда жасалатын отаға бес миллион теңге қаржы қажет. Алдағы уақыттада қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылмақ.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.