ҚМДБ-ның Семей аймақтық өкілдігінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаттарына арналған семинар өз мәресіне жетті.
Алла Тағала Құрани Кәрімнің «Мүжәдала» сүресінің 11-аятында: «Алла иман еткендер мен ілім берілгендердің дәрежесін көтереді», – деген. Соның нәтижесінде Семей қалалық мешіттердің жамағаттары 1-ші топ екі апталық жоспарланған оқу бағдарламасын тәмәмдап оқығандығын куәландыратын сертификат куәлігі берілді. Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышбекұлы жамағаттарға осы алған білімдеріңізді жалғастырып жетілдіре беруіне үгіттеді. Өз кезегінде дәріс алған жамағаттар еліміздің Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы хазретке Семей өңірінің өкіл имамына және дәріс берген ұстаздарға алғыстарын айтып ризашылықтарын білдірді. Ерекше Төлеубек қажы мешітінің бас имамы Ұлан Ермекұлына екі апта бойы атқарған қызметіне ризашылықтарын білдіріп баталарын берді. Сертификат тапсыру Қос мұнаралы орталық мешітте өтті.
Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.