Наурыз халқымыздың санасына сіңіп, салт-дәстүрімен біте қайнасып асыл дініміз Исламның шеңберінде атап өтілетін мереке.
Осыған орай, аталмыш мейрамды салт-дәстүріміз бен дінімізді байланыстыра отыра мүмкіншіліктеріңізге қарай әртүрлі қайырымдылық шаралар өткізуді ұйымдастырыңыз деп Семей өңірінің өкіл имамы Мақсат қажы Қуанышұлы тапсырма берген болатын.Бесқарағай ауданының имамы Серікжан Аманұлы Әз-Наурыз қарсаңында аудандық мүмкінділігі шектеулі орталықтың басшысы Ғалия Мұқашқызымен бірігіп, аудандық мешітте орталық тәрбиеленушісі Мұхаммед Оралбекұлы бауырымыздың салт-дәстүрімізге сәйкес тұсау кесу рәсімін өткізіп,балаларға және ата-аналарына дастархан жайып қайырымдылық ас беріп Наурыз мерекесімен құттықтап игі тілектерін айтты.
Бесқарағай орталық мешітінің баспасөз қызметі.