«ЕСІМІҢ МЕН ТЕГІҢ-СЕНІҢ ҰЛТТЫҚ КЕЛБЕТІҢ!» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ОТЫРЫСЫ

2017 жылғы 14 наурыздан 14 сәуір аралығында өткізіліп жатқан «Тектілікті сақтау – ата дәстүріміз» атты айлық шеңберінде 30 наурызда Бородулиха ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасымен бірге  «Есімің мен тегің-сенің ұлттық келбетің!» атты дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі № 2923 Жарлығын түсіндіру.

Дөңгелек үстел отырысына құқық қорғау органдарының қызметкерлері, дербес бөлімдердің мемлекеттік тіл редакторлары, ауылдық (кенттік) округтердің әкімдері аппараттарының мамандары, мектеп директорлары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.

«Дүниеге келген ұлты қазақ балаларының аты – жөнінің қазақша жазылу деңгейі туралы»  «Қалыптасқан ұлттық дәстүріге сәйкес ұлты қазақ азаматтарының тегі мен әкесінің атын жазу үлгсі туралыбас-имам Әріпжан Қожанұлының баяндамалары тыңдалды.

Отырыс барысында қатысушылардың пікірлері тыңдалып, ұсыныстар қабылданды.
«Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы»

Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі № 2923 Жарлығына сәйкес ұлты қазақ азаматтар өздерінің тегі мен әкесінің атының жазылуын қазақ тіліне тән емес аффикстерді алып тастай отырып, өзгертуге хақылы, алайда тегі мен әкесінің атының түбірлік негізі сақталуы тиіс, бұл ретте әкесінің атын жазған кезде азаматтың жынысына қарай «ұлы» немесе «қызы» сөздері қосылып бірге жазылады.

Мектептер мен балабақшаларда ұлты қазақ азаматтардың аты-жөнін ала-құла қылмай, ұлттық үлгіде, әдеби тілдің нормасына сәйкес жазу бойынша  түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Бородулиха ауданының ішкі саясат әкімшілігі.