Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы Қасиетті Жұма күні Семей қаласындағы тарихи Бір мұнаралы ағаш мешітіне ҚМДБ – ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бұйрығымен осы мешіттің найб имамы Дәулет Мақажановты Бас имам қызметіне тағайындады. Бұл Ағаш мешіті сонау кеңес үкіметінің кезінде есігін айқара ашып ислам дінін жаю жолында жоғарғы деңгейде қызмет атқарып келген мешіт. Осы уақытқа дейін осы мешітте молдалық қызмет атқарып жүрген Заралхан қажы Дүйсенбекұлы атамызға Өкіл имам ҚМДБ – ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің атынан алғыс хат табысталып, үстіне шапан жабылды. Заралхан қажы қырық жылдай дін жолында қызмет атқарған, бірнеше кітаптың авторы, қаншама діни мақалалары Республикалық және жергілікті баспасөз беттерінде жарық көрген, батагөй абыз ақсақалымыз. Атамыз жұмыстан кетеді деген сөз емес атамыз бұрынғы орында молдалық қызметін атқарып жүре береді. Бірақ барлық мешіттің жауапкершілігі жаңа сайланған бас имам Дәулет Мақажанов бауырымызға жүктелетінін баса айтып, өкіл имам жаңа тағайындалған имамға сәттілік тіледі.
Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.