Аягөз қаласындағы аудандық орталық кітапханада «Имандылық адамгершіліктің асыл қасиеті» атты кездесу өтті. Жиынға қалалық мешіттің наиб имамы Дәулет Қинаятұлы қатысты. Аудандық кітапхана қызметкері Зухра ханым зағиптар қоғамы басшысы Берік Тілеуханұлы бірлесе ұйымдастырып, зағиптар қоғамы мүшелерін шақырды. Наиб имам дініміздің асыл қасиеттерімен қатар алда келе жатқан қасиетті Рамазан айы жайлы қойылған сұрақтарға жауап беріп, сұрақ қоюшыларға кітапшалар таратты. №5 орта мектептің 5 класс оқушысы Қырмызы «Уақыт» жайлы өлең жолдарымен бірге «Әкешім – Анашым» әнін орындады. Жиынға қатысушылар кездесуді ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.