Қасиетті Рамазан айындағы қайырлы істердің бірі – Құран Кәрімді оқу және тыңдау.
Бір хадисте: «Қандай да бір қауым Алланың үйінде жиналып Алланың Кітабын оқып, араларында үйренсе, оларға тыныштық түседі, Алланың мейіріміне бөленеді, оларды періштелер қоршайды және Алла оларды қасындағылардың жанында еске алады» – деген.
Осыған орай, жамағатқа құран-хатымды оқу үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен Түркия діни істер басқармасының арасындағы келісім-шарт бойынша Қасиетті Рамазан айында Семей қалалық Қос мұнаралы орталық мешітімен Тыныбай мешітінде Құранды басынан аяғына дейін жатқа білетін Буйнами Билге мен Сыддық Гулер жергілікті уақыт бойынша сағат: 12.00-де ер және әйел жамағатына Құран Хатым оқып жатыр. Қасиетті кітапты оқу және тыңдау арқылы Алла Тағаланың мейіріміне бөленген жамағаттың қуанышында шек жоқ.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.