Аудандық орталық мешітте кезекті ауызашар дастарханы жайылды.. Ауызашар дастарханынан қасиетті айда ораза ұстаған мешіт жамағаты мен дін жанашырлары әлеуметтік жағдайы төмен ауыл тұрғындары ауыз ашты. Ауызашарға жиылған жамағат тілектерін айтып, аудан имамы Серікжан Аманұлының айлардың сұлтаны Рамазан айының қасиеті, бұл айдағы жақсылық пен қайырымдылық істерінің еселенетіндігі жайында айтқан уағыз-насихатын тыңдап, дастархан жайған мешіт алқасына алғыстарын білдірді.Шара соңында мешіт тарапынан Нұр Мүбарак ислам университетінің 2-ші курсын аяқтаған Еркежан Нұржанқызының апасына ақшадай қайырымдылық көмек көрсетілді.
Бесқарағай орталық мешітінің баспасөз қызметі.