Мектеп түлектері орталық мешітте

Аягөз қалалық мешітіне биылғы мектеп бітірген түлектер сыныптастарымен қасиетті айда келіп, мешіт имамынан ақ бата алып, Жаратқаннан тілек тіледі. Мешіттің бас имамы Думан қажы Нәдірұлы түлектерге дініміздің асыл құндылықтарымен қатар, Рамазан айы шарапаты жайлы насихат айтып, алдағы арман мақсаттарына жетулерін тілеп дұға жасады.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.