Семей аймағына қарасты мешіттердің құжаттары тексеруден өтті (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының іс басқарушы Ербосын Орын және Мешіт істері бөлімнің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов  Семей қаласына іссапармен арнайы келіп Семей аймағына қарасты барлық 110 мешіт құжаттары тексеруден өткізді. Жиынға Семей аймағына қарасты қала, аудан  мешіттердің Бас имамдары түгелдей қатысып, өз мешіттерінің құжаттарын таныстырды. ҚМДБ мамандары мешіттегі басқарушылық ісінің, мешіт құжаттарының Заңға сай болуын, кіріс –шығыс хаттардың мұқият тігілуін,  барлық іс қағаздарының нормативтік дағдыға сай болуын айтты. Өңірдегі мешіт құжаттарының әрқайсысымен таныс болып, тексере келе мамандар құжаттардың  дұрыс орындалғанын айтты. Сонымен қатар, сын ескертпелер айтылып, Құжаттары заңдастырылмаған мешіттердің құжаттарын реттеуге екі ай уақыт берілді. ҚМДБ-ның арнайы Жарғысы мен Ережесіне сай жұмыс істеуге шақырды.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.