ҚМДБ Өскемен аймағының аудан, қала имамдары жылдық есеп берді. Есеп беру шарасы облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болып өтті. Шараға биыл облыстағы қоғамдық ұйымдармен мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысуымен ерекшеленді.
ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы: «Діни басқарманың негізгі төрт бағытын өңірде жүзеге асыру мақсатында бірқатар шаралар атқарылды. Бұл біздің имамдарымыздың ерік жігері, халықтың және мемлекетіміздің қолдауы деп түсінеміз. Қазіргі таңда әсіресе жат ағымдармен күресті күшейту басты назарға алынып отыр» деп атап өтті.
Шарада аудандармен қалалық мешіт имамдары бір жыл бойы атқарған барлық шараларынан есеп беріп, бастамаларға кеңінен тоқталды.
Өкіл имам аудан, қала имамдарына жасалған істердің одан әрі жетілдірілетін тұстарын атап, арнайы тапсырмалар берді.
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі