Желтоқсанның 21-і күні Бесқарағай ауданында аудан имамы Серікжан Аманұлының ұйымдастыруымен, аудан әкімдігінің қолдауымен адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз Мұхаммад (с.ғ.с.)туылған Мәуліт мерекесі Томирис мейрамханасында Мәуліт үшін арнайы жайылған дастарханда аталып өтті.Игілігі мол бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Ерболат Еренұлы, , мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, ауыл молдалары,ауыл ақсақалдары мен ақжаулықты апалары,мешіт жамағаты және Семей өңірінің өкіл имамы Мақсат қажы Қуанышұлының сәлемін жеткізу үшін арнайы келген Семей қалалық Тас мешітінің бас имамы Нұрбек қажы Салимовтың қатысуымен өтті.
Мәуліт мерекесі Нұрбек имамның құран оқып аудандық мәдениет үйінің әншілерінің Алла елшісіне салауат айтуымен басталды. Алғашқы құттықтау сөз аудан әкімінің орынбасары Ерболат Еренұлына беріліп, ол кісі жиналған қауымды Мәуліт мерекесімен құттықтап,жылы лебізін білдіріп, мерекеге арнайы келген Нұрбек имамға алғыс хат және естелік сыйлық сыйға тартып рахметін айтып, осындай рухани кешті ұйымдастырып аудан халқын имандылыққа ұйытып Алланың хақ Дінін насихаттап жүрген аудан имамы Серікжан Аманұлын,аудандық ішкі саясат бөлімінің дін саласындағы инспекторы Әділбек Тақанұлын алғыс хатпен марапаттады. Келесі кезекте құттықтау сөз алған Семей қаласындағы Тас мешіттің имамы Нұрбек қажы Салимов өз сөзінде:
Құрметті мұсылман қауымы Мәуліт мерекесі мүбарак болсын! Ұлық мерекеде Аллаға мадақ сүйікті Мұхаммед с.ғ.с Пайғамбарымызға салауат айту сауапты амал.Құранда да Алла Тағала шынында мейірімді Алла және оның періштелері Пайғамбарға салауат айтады. Ей мүминдер сендерде Пайғамбарға салауат айтып, сәлем жолдаңдар деп бұйырады және Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с хадисінде кімде кім маған бір салауат айтса, Алла Тағала оған он салауат айтады. Он қателігін сызып, он есе дәрежесін жоғарлатады деген тағылымы терең уағыз насихатын айтып мерекенің жоғары деңгейде өтуіне үлкен қолдау көрсеткен аудан азаматтарына ризашылығын білдіріп Құран аяттары жазылған естелік сыйлықты Семей өңірінің өкіл имамы Мақсат қажының атынан табыстап ол кісінің Бесқарағайлықтарға деген ыстық сәлемін жеткізді.Жиналған көпшілік арасынан ауыл молдалары,ақсақалдар,апалар құттықтап жылы лебіздерін білдірді.
Мерекенің мазмұнын байытып мәнін аша түскен аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының айтқан рухани әндері, дін насихатындағы ғибратты оқиғаларды айтуы мейрамханадағы көпшіліктің көңіліне ой салып, көздеріне жас келтіріп ерекше әсерге бөледі.Мереке соңын қорытындылаған аудан имамы: Серікжан Аманұлы жиналған қауымды Мәуліт мерекесімен құттықтап, бұл мерекені жоғары деңгейде өткізуге. қолдау көрсеткен аудан басшылығына, ауыл молдаларына, мәдениет үйінің өнерпаздарына,мекеме басшыларына рахмет айтып, алғыс хатпен марапаттап естелік суретке түсіп жасы сексеннен асқан Беген ауылының молдасы Тельман ақсақалдың батасын алып дұға жасап тарқасты.
Бесқарағай орталық мешітінің баспасөз қызметі.