ДІНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ (ФОТО)

             KAZISLAM – Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстанның діни бірлестіктер өкілдерінің жиыны өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының кафедра меңгерушісі Т.Қ.Бурбаев, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті директорының орынбасары А.О. Ахметов, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаментінің басқарма басшысы м.а. Н.А. Шаймаханов, ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Г.А. Сералин, сонымен қатар, Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктердің басшылары және өкілдері қатысты. Жиынның күн тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуі талқыланды. Е. Оңғарбаев өз сөзінде «Бес әлеуметтік бастамалар нақты мақсаттар мен анық көрсеткіштері бар нақты әлеуметтік бағдарлама. Елбасымыздың бастамалары отандық экономиканың нақты есептелген мүмкіндіктеріне негізделген, шынайы болып табылады» – деп атап өтті. Діни бірлестіктердің басшылары Президенттің әлеуметтік бастамаларын қолдай отырып, бұл үндеуді Мемлекет басшысының тарихи шешімі ретінде мойындады және бұл бүкіл қазақстандық қоғамның мүддесін ескеретін уақтылы, тұрақты, нақты, объективті екенін айтты. Жиынның қатысушылары халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған Елбасының бастамасын қолдады. Астана шіркеуінің протоприесті Байдектің айтуынша «Бес әлеуметтік бастамалар», ол бірінші кезекте конфессияаралық келісім мен бірлікке негізделген, біздің тәуелсіз мемлекетіміздің прогрессивті дамуының көрсеткіші болып табылады. Сондай-ақ «Қазақстанның діни бірлестіктерінің ассоциациясының» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы А.В.Клюшев «Бес әлеуметтік бастамалар» – мемлекетті одан әрі әлеуметтік даму мен жаңғыртуға бағыттайтын бағдарлама, мемлекеттің әлеуметтік саясатының жаңа деңгейге шығуы. Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартатыны сөзсіз». Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстанның діни бірлестіктер өкілдерінің жиыны атынан Наурыз мейрамын тойлауға байланысты Қазақстан халқына құттықтау хаты қабылданды.