Аягөз қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге аудан әкімдігімен орталық мешіт бірлесе отырып «Қайырымдылық» дүкенін ашты. Дүкенде жан – жақтан қайырымдылық керуенімен келген киім – кешек, аяқ – киімдер сұрыпталып, сөрелерге ілінді. Бұл дүкеннің бір айырмашылығы су апатынан зардап шеккендер өзіне және бала – шағасына таңдаған киім кешегін киіп, тегін бастан аяқ киініп кетеді. Бүгінгі күні 30 – дан астам отбасы қалаған заттарын алып, алғыстарын айтып ризашылықтарын білдірді.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі