Бүгін ҚМДБ – ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы. Семей қаласы ақпараттық орталығында қасиетті рамазан айының келуіне орай баспасөз мәслихатын өткізді.
Баспасөз жиынына Семей Қос мұнаралы орталық мешіттің наиб имамы Баешов Бекзат Боранбайұлы қатысты.
Баспасөз мәслихатында бірінші сөз алған: өкіл имам Алтыбай Мақсат Қуанышұлы Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының қасиетті Рамазан айына байланысты құттықтау сөзін жеткізуден бастады.
«Сіздерді күллі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңыраққа шаттық пен бақыт, бірлік пен береке тілеймін! Рамазан – жақсылық айы. Оразада әрбір жақсы амалдың сауабы еселеніп жазылады. Хадис-шарифте айтылғандай, «адам баласының барлық игі істерінің сауабы артады. Әрбір жақсылыққа он еседен жеті жүз есеге дейін сауап жазылады». Осы ретте отандастарымды материалдық көмекке мұқтаж жандарға көңіл бөліп, қайырымдылық іс-шараларға белсенді түрде атсалысуға шақырамын. Кәсіпкерлерді рамазанның құрметі үшін азық-түлік, көкөніс пен тұрмыстық заттарға, жол-көлік ақысына жеңілдіктер жасауға үндейміз. Қасиетті айда қараусыз қалған қарттар мен мүгедектерге, жетімдер мен көпбалалы отбасыларға, науқас адамдарға барынша қамқорлығымызды көрсетейік, ардақты ағайын! Бір адамды қуанышқа бөлеу – садақа. Құдайы астар мен садақалар ауызашар уақытында ұйымдастырылса, тойлар ішімдіксіз өткізілсе, жамандықтың бастауы болған арақ-шараптың сатылуына барынша жол берілмесе деген Бас мүфтидің тілегін жеткізді.
Өкіл имам Алтыбай Мақсат Қуанышұлы оразаға қатысты, қасиетті айда шаһарда атқарылар ауқымды іс-шаралар, қайырымдылық акциялар мен игі жобалар жайлы тілшілерге хабардар етті.
Кездесу соңында тілшілер тарапынан қойылған сұрақтарға Өкіл имам жан-жақты жауап қатты.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.