Журналистерге құрмет көрсетілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуаншыұлы. Өңірдегі газет және телевидения саласында жемісті жұмыс істеп жатқан бір топ тілшілерді, журналистердің төл мерекесіне орай арнайы дастархан жайды.

Дастархан басында «Қазақстан» РТРК АҚ-ның Семей қаласындағы филиалының Директоры Арсен Алдажарұлы,  ТВК- 6 телекомпаниясының бас директоры Омарбек Байуақов, «ТВК-6» телеарнасы Жұмадағы жүздесу бағдарлама жетекшісі Дүйсенбек Зейноллаұлы, Ертіс өңірінің бүгінгі редакторы Күлия Райс, Семейдің облыстық өлкетану музейінің директоры Қайрат Сабырбай, Ислам Нұры газетінің бас редакторы Дәулетхан Тілеубердиев сынды бірқатар журналистер болды.

Өкіл имам Мақсат Қуанышұлы  жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып өңірдегі діни ахуалдың алғы шебінде жүретін айрықша кәсіп иелерін мерейлі мерекелерімен құттықтады.

Ислам Нұры газетінің бас редакторы Дәулетхан Тілеубердиев: «Біздің еңбегімізді елеп, мерекеде жанымызды жадыратып, ықылас білдіргеніңізге алғыс айтамыз. Халық игілігі жолындағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Барша әріптестерді мерекемен құттықтап, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!» – деді жүрек жарды сөзінде.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне, ҚМДБ – ның төрағасы Бас мүфти СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ хазреттің «Ұлы дала төсіндегі Ислам» атты кітабын өкіл имам сыйға тартты.

-Журналист ағайындар мешіт пен оқырмандар арасындағы алтын көпір болып табылады. Біз алдағы уақытта да бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыс істей береміз, — дейді өкілдіктің жауапты қызметкері Марат Дәкенұлы.

 

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.