Қажылық курсы жалғасуда

           Исламның бес парызының бірі қажылық.  Биылғы жылы қажылық парызын өтеуге ниеттенген жамағат әзірліктерін бастап кетті. Семей аймағы Қос мұнаралы орталық мешітінде Семей аймағы бойынша қажылық бөлімінің өкілі Біржан Аманжолұлы  апталық 2 рет қажылық курсын ұйымдастырып, дәрістер өткізілуде.

    Кезекті курс барысында Семей аймағы бойынша қажылық бөлімінің өкілі Біржан Аманжолұлы  қажылыққа баратын жамағаттарға дәріс берді. Дәріс барысында қажылықтың шарттары мен ережелерін түсіндірді. Тауап қалай жасалатынын, сафа мен маруа арасында қалай жүру керектігін, ихрамға кірген соң не нәрсеге мұқият болу қажеттігін түсіндірді. Қасиетті мекендегі құлшылықтарды қателеспей жасау үшін әрбір мәселені түсіндіріп өтті.

Қажылық курсы тамыз айының орта шеніне дейін  жалғасатын болады.

 

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.