Әжелер Мәуліт оқыды

ҚМДБ Семей өңірі бойынша «Әйел қыздар секторы» меңгерушісі   ұйымдастыруымен қаламыздағы «Қос мұнаралы» орталық мешітте және Жоламан кентінде орналасқан «Ақ мешітте» сауат ашу курсының шәкірт әжелері Мәуліт айына арнап дастарқан жайды.

Екі дүние сәруарына арналған шараның басты қонақтары орталық мешіт найб имамы Бекзат Боранбайұлы  Ақ мешіт бас имамы Рашид Жамалбекұлы болды. Мәуліт мерекемен құттықтап,  Пайғамбар (с.ғ.с) өмірі мен өнегелі жолын уағыздады. Шәкірт қыздар Мәуліт дастанын оқып, шара әжелеріміздің ақ тілектерін білдірумен жалғасты.

Ардақты Пайғамбарымыздың басты  сипаттарының бірі мейірімділік. Әжелеріміз шараға көп балалы және ата ана қамқорысыз қалған бес отбасының балаларын қонақ қылып сыйлықтар мен азық түлік табыс етті.

 

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.