ҚМДБ-ның шешімімен биыл алғаш рет республикалық «Қажылық» қоры арқылы жергілікті жердегі діни қызметкерлерге жалақы төлей бастады. Осы орайда бұл бастама аясында қаржылай көмекке Семей аймағы бойынша жеті ауыл молдасына нәсіп болды.
ҚМДБ ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы 7 дін қызметкерлерге «Қажылық» қордан төленетін жалақыны салтанатты түрде табыс етті. «Мүфтият тарапынан қазіргі таңда имам-молдалар мен діни қызметкерлерге қаржылай көмек көрсетіліп жатқаны бәрімізді қуантады. Себебі елді мекендерде діни қызмет атқаратын қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы дұрыс болса ол халықпен, жастармен жұмысын жүргізуіне үлкен әсері болмақ.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.