2019 жыл “Жастар жылы” болуына байланысты Дін қызметкерлері демалыс күндерін ерекше атап өтті. Осыған орай салауатты өмір салты насихатталған шараға Семей қалалық мешіттердің найб имамдары және мешіт жамағаты саф ауамен тыныстап, табиғатты тамашалап, шаңғы тепті. «Демалыс күні таза ауамен тыныстап, шаңғы тепкеннің пайдасы өте зор екені белгілі. Өз өмірін осындай игі істерге арнап, денсаулығын түзеуге жұмсаған жастар салауатты да саламатты, жарқын еліміздің берік іргетасын қалауға өлшеусіз үлес қосары сөзсіз. Сонымен қатар, денсаулықты нығайту пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Мұхаммедтің өсиет еткен сүйікті амалдарының бірі» Осындай игі шара ұйымдастырғаны үшін жиналғандар өкілдікке риза болып тарқасты.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.