Бүгін Абай облысы Семей қаласында “Абай еліндегі ислам” атты кітаптың тұсауы кесілді. Осы салтанатты шарада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, сондай-ақ белгілі философтар, тарихшылар мен абайтанушы ғалымдар қатысты.
Аталған еңбек үш жыл бойы дайындалған. Кітаптың авторлары – Назарбаев университетінің оқытушы ассистенті,PhD Айдын Сенғалиұлы, Абай облыстық “Ислам Нұры” газетінің бас редакторы Дәулет Рамазанұлы және Абай облысының Бас имамы Асқар Әбітайұлы. Басылымда Абай өңіріне ислам дінінің таралу тарихы, дін қызметкерлерінің өмір жолы, сондай-ақ Семей аймағындағы мешіт-медреселердің қалыптасу кезеңдері қамтылған.
Аталған еңбек тарихшы, дінтанушы, теолог мамандарға және еліміздің ислам тарихына қызығушылық танытқан көпшілік оқырманға арналған.
Тұсаукесер барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кітаптың жарық көруін қазақ руханияты үшін маңызды оқиға екенін атап өтті.
























Пікір қалдыру