АБАЙ ОБЛЫСЫ МЕШІТТЕРІ “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Абай облысының мешіттері “Таза Қазақстан” экологиялық акциясына белсенді түрде атсалысты. Игі шараның мақсаты – табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғауға қоғам назарын аудару және жас ұрпаққа экологиялық мәдениетті насихаттау.

Акцияға облыс орталығы Семей қаласындағы және аудандардағы мешіттердің имамдары мен жамағаттары қатысып, мешіт аумағы мен айналасын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Акция соңында имамдар табиғатты қорғау мен қоғамның ортақ игілігі үшін бірлесе еңбек етуге шақырды.