Абай облысының мешіттері “Таза Қазақстан” экологиялық акциясына белсенді түрде атсалысты. Игі шараның мақсаты – табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғауға қоғам назарын аудару және жас ұрпаққа экологиялық мәдениетті насихаттау.
Тазалық – иманның жартысы. Әр азамат үшін қоршаған ортаны таза ұстау – тек әлеуметтік міндет емес, рухани құндылықтардың бірі. Аталмыш акцияға облыс орталығы Семей қаласындағы және аудандардағы мешіттердің имамдары мен жамағаттары қатысып, мешіт аумағы мен айналасын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Осы орайда, мешіт жамағаты осындай шараларға тұрақты түрде атсалысып үлгі болуда.
Акция соңында имамдар табиғатты қорғау мен қоғамның ортақ игілігі үшін бірлесе еңбек етуге шақырды.






























Пікір қалдыру