Құрбан айт мерекесі – Алла разылығына жетелейтін ізгі амалдар мен мол сауаптар жасау науқаны. Бұл күндері көптеген игі шаралар атқарылып, адамдар бір-бірін зияраттап, айтпен құттықтайды. Өзара ренжіскендер татуласып, көңілдегі кірбіңдер кетеді. Сөйтіп елдің ынтымағы артып, құт-береке орнайды.
Құрбан айттың тағы бір ерекше тұсы – құрбандық шалу және шалынған құрбандық еттерін мұқтаж жандарға үлестіру. Сол арқылы оларға қуаныш пен шаттық сыйлау. Семей орталық «Қос мұнаралы» мешітінің ұйымдастыруымен Құрбан айттың бірінші күні . «Құрбан айт қабыл болсын» қайырымдылық акциясы жасалды. Бұл шараға қаламыздың 250 дей кемтар, мүгедек, көп балалы жанұяларға құрбандыққа шалынған малдың еттері таратылып берілді.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.