БАС МҮФТИ ТҰҢҒЫШ РЕКТОРДЫҢ ОТБАСЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

БАС МҮФТИ ТҰҢҒЫШ РЕКТОРДЫҢ ОТБАСЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Нұр-Мүбәрак университетінің тұңғыш ректоры, белгілі ғалым, академик Махмуд Фахми Хижазидің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Оның ұстаздық тұлғасы мыңдаған студентке үлгі болды, бола да бермек. Марқұмның жазған рухани еңбектері өз оқырманын ізгілік пен игілікке үндеп, жақсылыққа жетелей береді деген сенімдемін. Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Қазаның арты қайырлы болғай. Алла Тағала алдынан жарылқап, мейіріміне бөлесін. Иманы жолдас болғай» делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.