Семей аймағы бойынша “Жастар ісі секторының”ұйымдастыруымен шаңғы жарысы өткізілді.
Жарысқа қала мешіт имамдары мен жамағаттар қатысып 1 орынды Тыныбай мешітінің жамағаты Али Біржанұлы 2 орынды Жоламан мешітінің жамағаты Арман 3 орынды Төлеубек қажы мешітінің найб имамы Думан Ахмадиев иеленді. Женімпаздарды кубок медаль ақшалай сыйлықтар мен “Жастар ісі секторының”өкілі Жүнісбек Айдын марапаттады. Жарыс соңында Тыныбай мешітінің бас имамы Аманжолұлы Біржан дастархан жайып, бірлік, ынтымақ жайлы насихат айтып келесі жылы кең көлемде өткізсек деген ықыласын білдірді. Ас соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.