1 МИЛЛИОН АДАМ ИГІЛІГІНЕ ПАЙДАЛАНУДА… (ФОТО)

ҚМДБ Ғаламтормен жұмыс секторының ұйытқы болуымен іске қосылған «Намаз – діннің тірегі» атты мобильді қосымшаны 1 миллионға жуық адам жүктеп алды. Бұл туралы ҚМДБ Баспа және аударма бөлімінің басшысы Мұрат Әбдіхалық мәлімдеді.

«ҚМДБ ғаламтормен жұмыс секторы асыл дінімізді насихаттау үшін интернет игілігін үш бағытта пайдалануда. Олар – сайттар мен порталдар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер және мобильді қосымшалар. Мобильді қосымшада намаз оқып үйренудің орыс тіліндегі нұсқасы да іске қосылды. Оны 200 мыңға жуық адам жүктеді. Ал қазақша нұсқасын 1 миллионға жуық адам пайдалануда. «Дұғалар жинағы» мобильді қосымшасын да 20 мың адам жүктеді. Мақсатымыз – ақпараттық технологияның мүмкіндігін жамағаттың игілігіне жарату» дейді Мұрат Манапұлы.

Қосымшаларды төмендегі сілтемелер бойынша жүктеуіңізге болады:

Намаз – діннің тірегі.

Обучение намазу

Алдаспан дұғалар