Дін қызметкерлері үшін бұл танымдық іс-шара тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Бас имам Асқар Мұқановтың бастамасымен өткізілген экскурсия барысында имамдар мұражайдың көрме-залдарындағы Абайдың өзі тұтынған заттарды көріп, сырына қанықты. Оның көпшілігін ақынның өзі Семейдегі өлкетану мұражайына тапсырыпты. Сол тәрізді тамашалаушылар Абайдың өз ұлы Мағауяға жазған хатын да көріп, оқи алды
Имамдар сондай-ақ, көне Шағатай тілінде, қадим жазуымен басылған тарихи әдебиеттерге де назар аударды. Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, мұнда араб қарпімен жазылған 252 көне кітап бар. Олардың барлығы дерлік заманында Абай тәлім алған Ахмет Риза медресесінің қолжазба жинақтары екен.
Дін қызметкерлері сондай-ақ, Абай хакімнің жасөспірім шағында тұрақты жатып оқып, діни дәріс алған Ахмет риза медресесінде де болып, сирек кездесетін тарихи кітаптардың түпнұсқаларымен танысты. Әсіресе, Абай дәуірінде медресе шәкірттерінің қолтаңбалары, есептер мен араб-парсы тіліндегі шимай-жазулары бар көне есікке баса көңіл аударды. Бұл – хакімнің алақанының табы қалған аса құнды жәдігер.
Экскурсия соңында барша дін қызметкерлері естелік ретінде фотосуретке түсті.
Семей Қос мұнаралы орталық мешіттің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру