«Инабат» клубының ізгілігі

Аягөз қалалық мешіті жанынан кұрылған «Инабат» клуб мүшелері осы жылдағы алғашқы қайырымдылығын жасады. Әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы отбасыларына азық – түлік салынған дорбаларды табыстады. Мешіттің осынау ізгі ісіне, қайырымдылық алушылар алғыстарын білдірді. Мейірім мен рақымшылдықтан туындаған қайырымдылық атты асыл қасиет иесі болуға ұмтылып, бір Алланың ризалығын алуға тырысайық ағайын!

 

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі