Арнайы қонаққа Шақаман ауылының тұрғындары 7 – көпбалалы аналар шақырылды. Семинардың мақсаты мұқтаж жандарға жылы сөз насихатпен рухани көмек көрсетіп демеу болу болды. Аталмыш семинарды Семей өңірі бойынша жауапты ұстаз Тұрлықожанова Динара және педагог – психолог Гүльмира Екпінтай жүргізді. “Бала тәрбиесі”, “Жақсы ана болу” сияқты өзекті тақырыптар қозғалды.
Семинар соңында көпбалалы аналарға әйел жамағатынан азық-түлік және мешітте ашылған «Қайырымдылық бұрышы» – нан киім- кешектермен көмек көрсетіліп, табыс етілді. Қуаныштан көпбалалы аналар көз жастарын ұстай алмады. Елеп ескеріп шақырғандары үшін Әйел жамағатына алғыстарын білдірді.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру