Ақын Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» тақырыбындағы шара барысында ардагер ұстаз Ж. Рахметова ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы рухани азық болар бай мұрасына тоқталды. Ал мешіттің бас имамы М. Оспан, наиб имам Ә.Тойғұлды ақынның өлеңдеріндегі дін тақырыбы, тағылымы зор, тәрбиелік мәні терең жыр жолдарына қысқаша айтып өтті. Дөңгелек үстелге келген ұстар Абайды әлемге танытқан заңғар жазушы М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының үзінділеріне талдау жасап, оқушылар Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Дөңгелек үстел соңында кемеңгер ақынның шығармалары туралы ойларымен бөліскен мұғалімдер мен мектеп оқушылары Абайдың «Көзімнің қарасы» әнімен шараны қорытындылады.
Кәусар Арықханқызы.
Пікір қалдыру