Мешіт қызметкерлері үшін танымдық, тағылымдық мән-мағынаға толы болған аталмыш семинар өз мәресіне жетті.
Рухани тұрғыдан берері мол шара барысында имамдар күнделікті қызметте және мешіт ісін жүргізумен қатар жамағатпен жұмыста да ескерілуі тиіс ортақ қағидаларға қанығып, кәсіби машықтарын да ұштады.
Расында, діни қызмет тек білімнен ғана емес, тәжірибемен де тығыз астасуы тиіс. Ата дінімізді ұлттық дәстүр мен салт-сана тұрғысынан және Абай сынды дана тұлғалардың рухани мұралары тұрғысынан зерделей білу қажет.
Ал, аталмыш семинардың соңғы күнінде аймағымыз бойынша Ислам дінінің кеңінен қанат жайып өркендеуіне үлес қосып, дін жолында жемісті еңбек етіп жүрген және рухани тұрақтылықты сақтай отырып, имандылықты кеңінен насихаттаған мешіт имамдары мен наиб имамдарына ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша бас имамы Асқар Мұқанов қолынан сертификат табысталды. Осы іс шараны ұйымдастырып жүргізген Төлеубекқажы мешітінің имамы Ұлан Ермекұлына да алғысын білдірді.
Семей қалалық Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру