Құрметті жамағат!
Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғаттағы зәрулік үкімін негізге ала отырып, коронавирустың жамағат арасында таралуының алдын алу шарасы ретінде жұма намазына байланысты мәлімдейді:
- Жұма намазынан алдын айтылатын 30 минуттық уағыз 20.03.2020 жылдан бастап уақытша тоқтатылады;
- Намаз уақыты кіре сала азан айтылады, 4 ракағат сүннет өтеліп, жұма намазының 2 ракағат парызы қысқа сүремен оқылады;
- Жұма намазының парызынан кейін оқылатын 4 рәкағат сүннетті үйде оқуға кеңес береміз;
- Намаздан кейін тәсбих тартылмайды, Құран оқылмайды, имам қысқа дұға жасайды;
- Намаздан кейін жамағат қол беріп «Жұма қабыл болсын» деп амандаспайды;
- Мешітке бетперде (маска) киіп келу;
- Намаздан кейін көп кідірмей мешіттен шығу;
- Жұма намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу;
- Жұма намазға денсаулығы жарамайтын қариялар, науқастар мен әйелдердің қатыспағаны абзал;
- Ауа-райы қолайлы аймақтарда жұма намазын мешіт ауласында оқуға рұқсат.
Барша мұсылман қауымын осы жағдайларға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Бұл мәлімдеме ағымдағы жылдың 13 наурызынан бастап күшіне енеді.
Пікір қалдыру