Мешітте имбир мен лимон тегін таратылды Фото

Мемлекетімізде пандемияға байланысты ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен төтенше жағдай жарияланып, халықты ауыр індеттен сақтандыру шаралары жүзеге асуда. Елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты таяуда  Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазірет  еларасында қайырымдылық шарасын ұйымдастыру жөнінде үндеу   жариялаған еді.

Дінбасшысының бастамасын  бірауыздан қолдаған   Семей өңірі  бойынша «Зекет» қорының ұйымдастыруымен бірігіп, қиын  қыстау  кезеңде көп балалы отбасы және мүгедек жандармен, жалғыз басты аналарға көмек беру
мақсатында «Жүрек жылуы» және #Biz_Birgemiz атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

«Осындай сын сағатта Бас мүфтидің үндеуіне қолдау көрсеткен кәсіпкерлерге айтар алғысымыз мол. Бүгінгі таңда Семей өңірі бойынша бірнеше аудандарда ірі қара құрбандық малдары шалынды,  13 тонна картоп.  2 тонна сәбіз, 2 тонна сарымсақ, 2 тонна ұн, 2 тонна макарон, 1 тонна күріш, 300 кг имбирь, 300 кг лимон. 850 литр күнбағыс майы, 800 пачка шай, 800 кг қант, 1300 дана бетперде барлық жиыны 22 тонна азық-түлік 2015 мұқтаж отбасыларына  мешіт қызметкерлері мен жамағаттарының көмегімен жеткізіліп берілді.

 

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.