Соңғы уақыттарда жаман індеттің тез таралуына байланысты мешіттерімізде жұма, жамағат намаздары тоқтатылды. Мұндай шешімді Қазақстан ғана емес, Түркия, Сауд Арабиясы, Өзбекстан, Қырғызстан, Кувейт, Мысыр сынды әлемнің көптеген мұсылман мемлекеттері қабылдады.
Осы жағдайға байланысты жұма намазын тікелей эфир арқылы имамға ұйып оқуға бола ма деген сұрақтар жамағат тарапынан туындауда. Жалпы тікелей эфир арқылы жұма, жамағат намаздарын үйде отырып соған ұйып оқуға келер болсақ, ілім иелері жұма намазы да, жамағат намазы да бұл жолмен оқылса дұрыс емес екендігін баяндаған. Егер кімде-кім бұл жолмен намаз оқыған болса, ол намаздарды қайта оқуы керек болады. Өйткені бұл жерде жұманың шарттары толық орындалып тұрған жоқ. Сондай-ақ көпшілік ғалымдар ұйюшы адамдар имамның алдына шығып кетпеуі керек және имам мен ұйюшы бір жерде болуы керек деп шарт қойған. Оған қоса имам мен ұйюшының арасын жол, өзен бөліп тұрса да ұйюшы адамның намазы дұрыс болмайды. Сондықтан жұма күні жұманың орнына төрт ракағат бесін намазы оқылады. Источник: http://fatua.kz/kz/post/view?id=954
Пікір қалдыру