Сондай-ақ, Бас мүфтидің бұйрығымен «Төле би» мешітінің бас имамы қызметін атқарған Сейтбек Құтышев Алматы қаласы Алатау ауданы «Д.Қонаев» мешітіне наиб имам қызметіне тағайындалды.
Жиын барысында «Төле би» мешітіне бас имам болып тағайындалған Ерсін Әміре Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына алғыс білдіріп, сенімін ақтауға барын салатынын жеткізді.
02.07.1981 жылы Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Қараспан елді-мекенінде дүниеге келген.
Білімі:
1998 жылы Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Қараспан елді мекеніндегі Е.Ерназаров атындағы орта мектепті тәмамдады.
1998-2000 жылдары Шымкент қаласындағы “Даруль арқам” Құран Кәрімді жаттау орталығында Құранды толық жаттап шықты. 2000 жылдан бері Құран хатым өтіп жүрген толық қари.
2000-2001 жылдары Шымкент қаласындағы “Нәзір Төреқұлов” атындағы орталықтан араб тілі курсын бітірді.
2001-2006 жылдары Ливан мемлекеттік Триполи университетінің шариғат және ислам ғылымдары факультетін аяқтады. Мамандығы – теолог-исламтанушы.
2013-2015 жылдар аралығында Египет Араб Республикасы Жоғарғы білім министірлігі Ислам ғылыми зерттеулер жоғарғы институтында екі жылдық магистратураны оқып, оны 2015-2016 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университінде тәмамдады. «Ислам шариғатындағы бидғат ұғымы» тақырыбында магистрлік диссертация қорғады.
2016-2019 жылдары Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінде PhD докторантураны оқыды. Қазіргі таңда «Ислам шариғатындағы пәтуа берудің негізгі принциптері мен замануи мәселелері» тақырыбында докторлық диссертация жазу үстінде.
Еңбек жолы:
2007-2008 жылдары Шымкент қаласындағы “Абдулхамит Қаттани” орталық мешітінде ұстаздық қызмет атқарды.
2008-2011 жылдары Шымкент қаласындағы “Сейткәрім қажы” мешітінің бас имамы болды.
2009-2011 “Даруль арқам” Құран Кәрім жаттау орталығында ұстаздық қызмет атқарды.
2011-2013 жылдары Алматы Орталық мешітінің наиб имамы болып тағайындалды.
2013-2014 жылдары сәуір айынан бастап Атырау қаласындағы «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ-ның директоры және Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің наиб имамы қызметін атқарды.
2014-2020 жылдары Алматы Орталық мешітінің наиб имамы қызметіне тағайындалды.
2019 жылдан бастап Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде ұстаздық қызмет атқарады.
Жетістіктері:
Құранды бес қырағатпен оқи біледі (ижазасы бар).
Халықаралық және республикалық Құран жарыстарының жеңімпазы.
2008 жылы Республикасы көлемінде өткен Құран жарыста 30 параны жатқа оқу бойынша жүлделі бірінші орынды иеленген.
Отбасылық жағдайы:
Отбасылы, үш қыз, екі ұлы бар.
Пікір қалдыру