Алла Тағала қасиетті Құранда (Ахзаб 33/35) «Ораза ұстаған еркектер мен ораза ұстаған әйелдер, махрам жерлерін қорғаған еркектер мен махрам жерлерін қорғаған әйелдер (ойнастық жасамаған ерлер мен әйелдер), Алланы көп зікір еткен еркектермен Алланы көп зікір еткен әйелдер бар ғой! Алла Тағала оларға үлкен сыйлық дайындады»
Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с) осы сыйлық туралы былай деген: «Ораза ұстаған кісіге екі қуаныш бар:
1.Ауыз ашқанда (Хақ Тағаланың нығметтеріне қауышқаны үшін) қуанады.
2.Раббысына қауышқанда оразасының берекетімен жеткен ұлы дәрежесін көргенде қуанады. Алла Тағала қасиетті Құранда (Бақара 2/185) «Ей мүминдер! Ораза сендерге парыз етілді бұдан кейін мұның тек бізге ғана емес, бізден бұрынғыларға да бұйырылып, парыз болғанын ескеріп: «Сендерден бұрынғы (үметтерге) парыз қылғаны сияқты…» деп баяндалған. Бұдан кейін «(Ораза) санаулы күндерде» деп, ораза үшін белгілі уақыт берілгені білдірілген.
Рассуллаһ (с.ғ.с) сәресі туралы былай деген: «Рамазанның сәресіне тұрыңдар, сәресінде берекет бар» артынша тіпті бір жұтым су ішіңдер де дегені баян етіледі. Осы бұйрықтан кейін Рамазан айының ерекшелігі, артықшылығы мен ораза туралы адамзаттың табиғатына қарай берілген жеңілдіктер баяндалған: Құранда (Бақара 2/185) «Рамазан айы сондай ай – адамдарға Һидаяттың (нақ өзі) болып, тура жолды, дұрыс пен бұрысты ажырататын үкімдерді баяндайтын Құран осы айда түсірілді. Олай болса, сендерден кім осы айға жетсе, ораза ұстасын. Егер ауру немесе жолаушы болса (ұстай алмаған күндерін) басқа күндерде (қазасын ұстап) орнын толтырсын. Алла сендерге қолайлылық тілейді, қиындық тілемейді (оның қолайлықты тілеуі қазаға қалған қарыздарыңды) толықтыруларың мен сендерді тура жолға салғандығынан Алланы ұлықтауларың үшін еді. Мүмкін, (енді) шүкіршілік етерсіңдер».
Бұл аят кәримәнің соңында оразаның пайдасы баяндалған. Яғни ораза-құлдың Алланы ұлықтап осы Рамазанның пайдасынан және Жаратқанның сыйынан құр қалып қоймауын насихаттайды. Бұл ай отыз күннен тұрады. Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұл туралы былай деген: әуелгі он күні Алланың Рахымы, ортаңғы он күні Алланың Кешірімі, соңғы он күні Тозақтан құтылуға себеп болады – деген. «Ораза мен Құран қиямет күні құлға шапағат етеді» «Ораза – Сабырдың жартысы». Оразаның сауабы Алла алдында ғана белгілі Хұдси Хадисте Рассуллаһ (с.ғ.с) былай деген «Адам баласының әр амалы өзіне тән. Ал, ораза ондай емес! Өйткені, ол – мен үшін. (өйткені мен жемеймін, ішпеймін және бүкіл адамдық сипаттардан пәкпін) сондықтан оразаның сауабын ерекше түрде көп қылып мен беремін» делінген.
Ораза – нығыметтердің қадірін сездіріп білдіртетін, шүкіршілік сезімдерін оятатын, кедейлер мен мүскіндердің ақуалын түсіндіретін, нәпсілік арман мен бейімдеулерді жоятын, дүниеге деген құлдықтан құтқарып «Сабыр» деген ең керемет мінезге жеткізетін ғибадат. Рамазан айында тарауих намазы, сәресі мен сәресі уақытында жүректің ояу болғаны да өте маңызды. Алла Расулы (с.ғ.с) былай деген: «Алла Тағала сендерге Рамазан оразасын парыз қылды. Менде соның қиямын, яғни Рамазан түндерінде тарауих намазын оқуды сендерге сүннет деп бекітемін, егер адам шынайы иман мен және сауабына жету мақсатымен Рамазан оразасын ұстап, тарауих намазын оқыса, шешесінен туған күндегідей күнасыз болады». «Рамазан айы кіргенде жәннәт есіктері ашылады жәһәннәм есіктері жабылады. Шайтандар шынжырмен байланып қамалады». Ендеше осындай он екі айдың сұлтаны болған Рамазан айындағы дұға тілектер қабыл болып Алла Тағала келесі жылға жақсы ай жақсы күндерге амандықта жеткізсін, еліміз аман жұртымыз тыныш, ел іргесі берік болсын.
Семей өңіріне қарасты Үржар ауданының Бас имамы ШраинбековҰлан Ермекұлы
Пікір қалдыру