ДІНИ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ МАМЫР АЙЫНДА 3000 СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРДІ

Өткен мамыр айында ҚМДБ-ның Call-орталығы 3 мыңнан астам сұраққа жауап берді. Бұл жайлы Діни ақпарат орталығы хабарлады.
Орталық мамандарының айтуынша, мамырда 1479 адам ораза, 601 адам құлшылық, 109 адам отбасы, 29 адам теріс ағым, 56 адам несие, 952 адам әртүрлі сұрақтар бойынша хабарласқан. Барлығы 3226 адам орталыққа қоңырау шалып, көкейдегі сұрағын қойған.

Айта кетейік, тәулік бойы жұмыс істейтін Діни ақпарат орталығына (call-center) 33-30-30 нөміріне хабарласу арқылы сұрақ қоюға болады. Орталықтың білікті мамандары қазақ және орыс тіліндегі сұрақтарға жауап береді.