БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОЙЫН АЛАҢҚАЙЫ АШЫЛДЫ

Ойын алаңқайының ашылу шарасына, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ Төрағасының орынбасары Ершат Оңғаров, Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, ҚМДБ бөлім басшылары мен мамандары қатысты.

– Балаға үлгілі тәлім-тәрбие беру – ана-ананың негізгі міндеті. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Балаларыңызға жақсылық жасаңыздар және дұрыс тәрбие беріңіздер» деген. Бұл ойын алаңқайы – үлкендердің балаларға дайындаған кішігірім жақсылығы. Осы жерде ойын ойнаған балалар ертеңгі күні қоғамға пайдасы тиетін ой ойлаған саналы азаматқа айналсын, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бұдан кейін балалар алаңқайға кіруге асығып, ағаларының қолынан балмұздақ, басқа да тәттілер алып, бір жасап қалды.