Осыған орай, Семей өңірі бойынша барлық мешіттерде де бір мезгілде індет салдарынан қаза болған марқұмдар үшін Құран сүрелері хатым етіліп, дұға бағышталды. ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша Бас имамы Асқар Мұқанов бастаған барша мешіт имамдары аталмыш дерттен о дүниелік болған жандарға Жаратушыдан рахым мен кешірім тілеп, байтақ еліміздің, халықтың амандығы үшін қол жайып дұға-тілек тілеп бата жасалды.
Лайым, ел іргесі әрдайым бүтін болып, әр шаңырақта тек тыныштық пен бақыт орнағай. Сырқаттанғандар тезірек сауығып, індет жылдамырақ жойылып, аурумен күресте алғы шепте жүрген дәрігерлер сынды барша азаматтарымызға Алла өзі қуат берсін.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру