–Қасиетті Құранның «Мәидә» сүресінің, 32-ші аятында: «Кімде-кім бір адамды тірілтсе (өлім қатерінен құтқарса) ол, бүкіл адамзатты тірілткенмен тең» делінген. Бұл аппараттар көрші Ресей мемлекетінен арнайы жеткізілді. Қазақстан аумағында қолдануға рұқсат етілген аппарат саналады. Көрші Ресей елінен аппараттарды сатып алу себебіміз – өте қысқа мерзімде бір-екі күнде келуі және де емханада жатқан науқастарға тез арада таратылуына мүмкіндік туды. Жеткізілген аппараттардың жалпы құны 7395000 теңгені құрады.Алла қаласа халықтың қолдауымен тағыда басқада дәрі дәрмектер, керекті медициналық құралдар жеткізуді жоспарлап отырмыз. Осы акцияны қолдауға және үлес қосуға барша жанашар халқымызды шақырамыз!, – дейді Семей аймағының бас имамы Асқар Әбітайұлы.
Семей өңірі бойынша «Зекет» қорының есепшоты төмендегідей:
Kaspi Gold: 4400 4301 2628 4561.
Телефон нөмірі: 87013108999. Біржан Аманжолұлы.
Пікір қалдыру