Үйдің жер көлемі – 8 соток, ал жаңа салынған пәтердің көлемі – 8х10 шаршы метр. Барлық жағдайы қарастырылған және үйдің ауласы қоршалып, темір қақпасы орнатылған.
Айта кетсек, аталмыш үйдің құрылысына Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының бастамасымен ҚМДБ-ның Шымкент қалалық «Зекет» қоры өкілдігі мен «Сәуле» мешітінің жамағаты қолдап, демеушілік етіп, аз уақытта пайдалануға берілді. Осы орайда, осындай карантин жағдайында қол ұшын созып, аянбай қызмет еткен жомарт жандарға Бас мүфти батасын беріп, ризашылығын білдірді.
Пікір қалдыру