● Намаз оқитын залдарда имамдар және намаз оқитын адамдар міндетті түрде бетпердемен жүру;
● Әлеуметтік арақашықтықты сақтау (кемінде 2 метр);
● Мешіт кіреберісінде дене қызуын өлшету және арнайы антисептик заттарды пайдалану, аяқ киімді құрамында хлор бар өніммен, сондай-ақ қолды антисептикпен тазалау;
● Мешітте қол алыспау;
● Намаз оқығанда арақашықтық 2 метрден жақын болмау, намазды арнайы белгіленген орында оқу;
● Мешіт ішінде ұзақ уақыт қалмау. Мешітте болу уақыт ұзақтығы – 15 минут;
● Дене қызуы 37°-ден жоғары, сондай-ақ тұмау және басқа да ауру белгілері бар адамдар мешітке келмеуі керек;
● Мүмкіндігі бар мешіттерге бөлек есіктен кіру және бөлек есіктер арқылы шығу;
● Жасы 65-тен асқан қариялар, мектеп жасындағы балалар мен әйел кісілер үйде құлшылық жасағаны абзал.
Мешіттерге қойылатын талаптар:
● Мешіттердің еденін тазалау барысында құрамында хлоры бар дезинфекциялау қосындыларды пайдаланып, күніне кемінде екі рет жуу, мешіттің кіреберіс есіктерінің тұтқаларын дезинфекцияланған ақ дәкемен орау (қажеттілікке қарай ауыстырып отыру);
● Мешіт ішіндегі (намазхана, дәретхана, т.б.) санитарлық тазалық жұмыстарын талапқа сай орындау;
●Мешіттің кіреберісіне аяқ киімдерді тазалап кіру үшін едендік дезинфекциялық құралдар орнату немесе сағат сайын ылғалдандырылған сүртпелермен тазарту;
● Мешіттің кіреберісі мен адамдар келіп-кететін бөлмелерін санитайзер, антисептик құралдарымен жабдықтау;
● Әр намаздан және діни рәсімнен кейін терезелерді, бөлме есігін ашып, таза ауамен алмастыру.
Мешітте Құран оқытуға қатысты талаптар:
● Құран оқитын бөлме кіреберісін санитайзер, антисептик құралдарымен жабдықтау;
● Құран оқыту бөлмесіне 10 адамнан артық кіргізбеу;
● Құран оқытуға келушілердің араларында 2 метр қашықтықты сақтау, оларды арнайы белгіленген орындарға отырғызу;
● Құран оқитын бөлмелерде міндетті түрде бетпердемен отыру;
● Құран оқитын бөлмеге кірместен бұрын антисептик құралдарын қолдану;
● Мүмкіндігіне қарай Құран оқитын бөлмеге бөлек есіктен кіріп, бөлек есіктен шығу.
Неке бөлмелеріндегі іс-шараларға қатысты талаптар:
● Неке қию бөлмесінің кіреберісін санитайзер, антисептик құралдарымен жабдықтау;
● Неке қию кезінде шариғат талаптарына сәйкес, неке қидырушы екі жас, куәгерлерден және ата-аналардан басқа адамдардың қатыспауы (10 адамнан көп болмау) тиіс. Неке қию рәсімінде міндетті түрде медициналық бетпердені қолдануы тиіс;
● Неке қию рәсіміне қатысушылардың арасы 2 метр болуы тиіс және арнайы белгіленген орындарға отыру керек;
● Неке залдарында имамдар мен келушілер бетпердемен отыруы керек;
● Неке қиып болған соң бірден мешіттен шығуы керек;
● Неке қию бөлмесіне кіруден алдын антисептикалық құралдарды пайдалану қажет.
Пікір қалдыру