СЕМЕЙ КӘСІПКЕРІНЕ «ХАЛАЛ ДАМУ» СЕРТИФИКАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ.

Семей қаласының кәсіпкері Марат Қалиқанұлы басқарып отырған «ҚАЛИҚАНҰЛЫ» ШҚ «Айша» Сауда белгісімен танымал болған Шұжық  және Сүт өндірісі және қасапшылары ҚМДБ-ға қарасты ХАЛАЛ ДАМУ ЖШС-ның сертификатына ие болды.

 Қазіргі уақытта ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» сертификатын алуға ниетті азаматтардың көбейіп келе жатқаны көңіл көңшітеді.  Қазақ халқы атам заманнан алдындағы асына мұқият болып, ненің адал, ненің арам екеніне бей-жай қарамағанын білеміз. Ас адамның арқауы демекші, адал ас денсаулықтың кепілі болғандықтан, сіздерді «Айша» сауда белгісімен өндірілген жәнеде ҚМДБ-ға қарасты ХАЛАЛ ДАМУ ЖШС-ның сертификатына ие болған өнімдерді пайдалануға шақырамыз.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.