Семейлік дін қызметкерлері мен мешіттер жамағаттарынан, жастардан тұратын еріктілер шаһар орталығынан бой көтерген жаңа мешіт аумағында тазалық шараларын жүргізіп шықты. Акция барысында имандылық үйінің аумағы тазартылып, талапқа сай ретке келтірілді. «Тазалық – иманның жартысы» деген Пайғамбарымыздың хадисін басшылыққа алып, қоршаған ортаның көрікті болуына үлес қосқан жергілікті дін қызметкерлері мен еріктілер аталмыш шара барысында да белсенділік танытты. Жалпы, республикалық тазалық акциясына Семей өңірі бойынша 150-дей адам қатысты.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру