«Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің ХХVI мәжілісінде «Зияткер имам тұжырымдамасы» атты құжат қабылданды. Зияткер имамға діни рәсімдерді атқарумен қатар, мағыналы уағыз айту, діни білім беру, Діни басқарма дайындаған «Жеті рухани қазық» құжатындағы құндылықтарды насихаттау жүктеледі. Мұндағы мақсат – мешіттерді құлшылық орнымен қатар діни-рухани орталыққа айналдыру. Әрбір мешітте талапқа сай келетін зияткер имам болуы керек. Осы мәртебеге сай болу –бүгінгі күннің талабы» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Кездесуде Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы өңірдегі діни ахуал туралы баяндай келіп, аймақтағы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар жиында ҚМДБ-ның негізгі төрт бағыты бойынша атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды.
Пікір қалдыру